$ 494.87  520.65  4.91

Құбырдан өтіп жүрген ауыл тұрғындары шенеуніктердің уәдесіне әбден тойған (ВИДЕО)

Балалар мектептен қайтқанша алаңдап отырамыз.

Мақат ауданы Доссор кенті. 2 мыңға жуық халқы бар Ынтымақ, Бірлік ауылдарында әлеуметтік нысан жоқтың қасы. Кентті теміржол бөліп тұр. Ауыл тұрғындары кенттің екінші бөлігіне бару үшін тұрғындар теміржол рельстерінің астынан салынған су өтетін құбыр арқылы өтуге мәжбүр екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Azh.kz-ға сілтеме жасап. 

"Мынау теміржолдың астынан жүріп жатқан суағар ғой. Осы жерден бала-шаға жүреді. Кей уақытта қардың суы болады, жаңбырлы болады. Сол кезде бұл жер толып кеткен кезде әрбір ата-ана өз баласын жетектеп, переезден айналып өтеді. Не болмаса қолынан жетектеп өтеді, баласын шығарып салады, кешке қарай күтіп алады. Сондай қиыншылықтар туғызып тұр", - дейді ауыл ақсақалы Тұрғали Дүйсенбеков.

Құбырдан күніне 100 шақты адам өтеді екен. Өткел іші тар әрі ыңғайсыз болғандықтан бойы ұзын адамдар басын бүгіп, еңкейіп өтеді.

"Балалар мектептен қайтқанша алаңдап отырамыз. Бірнеше рет айтылып келе жатыр. Саламыз-саламыз дейді. Биыл жобаны қараймыз дейді. Ақша бөледі дейді. Оны келесі жылы  бастайды дейді. Бұл енді қашанғы созылады. Күте-күте халықтың әбден қарны ашты", -  ауыл тұрғыны дейді Қайрат Қайсенов. 

Бұл орайда Мақат ауданы әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов болса, теміржол өткелін салу жөнінде мәселе талқыланып жатқанын жеткізді. 

"Бірінші кезекте біз жергілікті тұрғындармен ақылдасатын боламыз: темір жол асты мен бе әлде үстімен салған ыңғайлы ма? 2017 жылы ауданның бас жоспарында аспалы көпір салу жоспарланған еді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр", - жергілікті атқамінер.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары