$ 449.3  489.69  4.89

«Қазақтар емес, шетелдің бұзақылары басшылық жасады» - Дүңген қауымдастығының төрағасы

"Кінәсі жоқ бейбіт адамдарды кім өлтіреді?", "Құқықтық мемлекет болып саналатын қазіргі Қазақстанда ондай жайттың орын алуы сұмдық қой!".

Қазақстан дүнгендері қауымдастығының басшысы Хусей Дауров Қордайда болған жаппай тәртіпсіздіктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қауымдастық төрағасы 11 адам қаза болып, 200-ден астамы жарақат алған бұл оқиға туралы айта келе, түптеп келгенде оған кінәлі адамдардың әлі анықталмағандығын тілге тиек етті. 

"Кінәсі жоқ бейбіт адамдарды кім өлтіреді?", "Құқықтық мемлекет болып саналатын қазіргі Қазақстанда ондай жайттың орын алуы сұмдық қой!", "Шынымен де, бұны ұлы Абай, Шоқан Уәлиханов, Қожа Ахмет Яссауи, Абылай хан, Қасым хан, Төле би мен Қазыбек бидің ұрпақтары істеді ме?", "Жеті атасын білетін әрі батыр бабаларының абыройын бағалайтын, Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен эвакуацияланған миллиондаған адамға пана берген халықтың ізбасарлары жасады ма?",- деген сұрақтарды айтып кетті Хусей Дауров.

Осылайша ол болған жайтқа қазақтар кінәлі емес деді. 

"Жоқ! Мұны істеген қазақтар емес! Мұны ксенофобия мен ұлтшылдық ұрандарына жамылған қылмыскерлер мен қарақшылар, оңай олжаға көз алартқан тонаушылар, біздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың қарсыластары орындады. Оларға түрлі-түсті төңкерістер технологиясымен шетелдің бұзақылары басшылық жасады. Ал қазақтар бізді керісінше құтқарды!", - деп қосты ол. 

Сөзінше, сол күні біреулер ауылды қиратып жатса, екіншілері тұрғындарды құтқарумен әлек болыпты. 

"Қазақтар бізді құтқарды! Қуаныш есімді фермер өз үйінде дүнгендердің бірнеше отбасын жасырып қалды. Айнұр, Азамат пен Соня деген дәрігерлер де тура солай істеп, балалары бар бірнеше отбасыны құтқарды. Егде жастағы бір әйел екі жігітті аман алып қалды да, өз үйінде шай берді. Ондай фактілер көп", - дейді Дауров.

Бұған қоса Хусей Дауров ахуалдың түпкілікті себептерін анықтауды ұсынды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары