$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетау тұрғыны өзі мен әйелін пышақтап, терезеден бір-ақ секірді

Көршілері жасаған өрттен 30 адам қаза бола жаздады. Олар жатақханадан құтқарушылардың көмегімен ғана терезе арқылы шыққан. Бесеуі көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға түсті.

Көкшетау қаласының тұрғыны өзін және әйелін пышақтап, өрт шығарып, терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Көкшетауда отбасылық кикілжіңнің соңы трагедиямен аяқталды. 35 жасар еркек әйелімен ұрысып қалған соң, өзін және әйелін пышақтап, жатақханадағы пәтерін өртеп, 4 қабаттан секіріп кетті.

Өрт сөндірушілер жатақханадан 120 адам эвакуациялады. 5 адам ауруханаға түсті. Көршілері жасаған өрттен 30 адам қаза бола жаздады. Олар жатақханадан құтқарушылардың көмегімен ғана терезе арқылы шыққан. Бесеуі көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға түсті. 46 жасар әйел әлі де ауыр хәлде жатыр. Күйеуінен зардеп шеккен әйел де ауруханада жатыр. Оның қолдары кесілген. Алынған ауыр жарақаттардан кейін ер адам ауруханада көз жұмды. Полиция қызметкерлері "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша тергеу жүргізуде. Ерлі-зайыптылардың не үшін жанжалдасып қалғаны әлі белгісіз. 

"30 адам құтқарылды – олар өрттен, яғни түтіннен, тікелей өліп кететін жерлерде болды. Олар өздігінен қозға алмағандықтан, біз оларды сыртқы баспалдақтар арқылы құтқардық",- дейді Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Денис Шелкоплясов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары