$ 444.32  473.33  4.76

WhatsApp пайдаланушыларының саны миллиард адамға жетті

WhatsApp мессенджерін ай сайын миллиард адам пайдаланады. Бұл жайында аталған мобильді қосымшаның иесі - Facebook компаниясының басшылары хабарлады.

Осылайша, WhatsApp пайдаланушыларының саны Facebook-тің өз мессенджерін қолданатын адамдар санынан асып түсті. Екіншілерінің саны бүгінгі таңда 800 млн адамды құрайды.

Facebook мәліметінше, күн сайын WhatsApp арқылы 42 млрд хат жазылып, 250 млн видеоматериал жіберіледі.

Марк Цукерберге тиесілі осынау әлеуметтік желі WhatsApp қосымшасын 2014 жылы ақпан айында 19 млрд долларға сатып алған болатын. Бұл келісімшарт компания тарихындағы ең үлкен сатып алу болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары