$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанда Сирияға кеткен содырлардың ата-аналарын халық «соттап» жатыр

Елдің мемлекеттік телеарналары Сириядағы соғысқа аттанған содырлардың ата-аналарын халық сотына салған бағдарламаларды таратып жатыр. Бұл туралы «Азаттық» радиосының өзбек бөлімі хабарлайды.

Балалары үшін айыпты болып отырған ата-аналардың көпшілік алдында назарларын төмен салып, жылап отырған сәттері мен оларды қызу айыптап жатқан белсенділер туралы бейнетүсірілім қазір азаматтық қоғам тарапынан талқылануда.

ДАИШ террорлық ұйымының қатарына кіріп кеткен балалары үшін енді олардың ата-аналары халық алдында жауап беріп отыр.

Кейбір мәліметтер бойынша 500-3000 аралығындағы өзбек жастары Сирияда соғысып жүрген көрінеді. Радионың мәліметінше, жақында ғана Қашқадария облысының 53 жастағы тұрғыны Шаходат Бахадырова баласын экстремизмге қатысы бар деген күдікпен қамаған соң асылып өлген. Мұндай «халық соты» өзге ата-аналардың өліміне де әкеліп соғуы мүмкін деген қауіп бар.

 Ал, террорлық ұйым әлеуметтік желі арқылы жастардың миын улаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары