Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген 2 млрд теңгенің қайда жұмсалатыны мәлім болды. Яғни, қаражат үкімет қаулысы арқылы бөлінеді деп атап өтті денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Бұл жайлы Qamshy.kz хабарлады.
"Бұл денсаулық сақтау министрлігінің емес, үкіметтің қызметтік пайдалану режіміндегі қаулысы. Шынымен де айтып берер едім, бірақ оған менің құқығым жоқ", – деді министр.
Үкімет отырысында, министр қаражаттың қайда бағытталғанын БАҚ өкілдеріне ашып айтты.
"Жалпы алғанда, қаражат бетперде, костюм, көзәйнек, зарарсыздандыратын құралдар, зертхана, тепловизорлар, диагностикалауға арналған зертханалық жабдықтар сынды қорғаныс заттарын сатып алуға жұмсалатындығын айта аламын. Себебі ауқымды диагностика жүргізіледі. Дәрігерлерден бөлек, шекарашыларға арналғаны да бар. Ал, бұл қызметтік ақпарат", – деді Біртанов