$ 514.65  544.6  5.17

Орал тұрғыны аудандық аурухананы өртеп жібере жаздады

Екі адам құтқарылды, олардың бірі – бала.

Оралдың 42 жастағы тұрғыны аудандық ауруханаға өрт қойды.

Ер адам Тасқала ауданының орталық аудандық ауруханасының терапия бөлімшесінің №8 палатасындағы төсенішті өртеген, деп хабарлайды "Мой город"

Осыдан кейін ер адам екінші қабаттың терезесінен секіріп түсіп, ізін суытқан. Полицейлер оны іздеп жатыр.

"Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 06.16-да сөндірілді. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен үш техника жұмыс істеді", - деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ауруханадан 20 науқас, оның ішінде төрт бала мен медициналық мекеменің сегіз қызметкері эвакуацияланды. Екі адам құтқарылды, олардың бірі – бала.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары