$ 448.56  478.03  4.79

Ақтөбелік театр әртістері көлік апатына ұшырады

Қаладағы «Дастан» ауданына маңындағы 11 және 12 шағын ауданның қиылысында екі көлік соғысып, жеті адам жарақат алды. Бұл туралы «Диапазон» жазады.

Қаладағы орыс драма театрының әртістері отырған УАЗ көлігін ВАЗ2109 маркалы көлігі келіп соққан. Соққының күшті болғаны сондай, УАЗ-да отырған екі әртіс көлік терезесінен сыртқы ұшып кеткен. Оқиға орнына жеті минуттан кейін жеткен «жедел жәрдем» қызметі шұғыл көмек көрсетіп, нәтижесінде адам шығыны болмады.

Жеті адам жарақат алған, оның ішінде 14 жастағы қыз да болған. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, қалғандары дәрігерлер көмегінен бас тартқан.

Ауруханаға түскен екі әртістің біреуіні қабырғалары сынған. Екіншісінің омыртқа сүйегіне зақым келген. Кішкентай қыз облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда.  

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары