Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. Сондай-ақ, қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасында серпе көтеру жаттығуында әлемдік рекорд орнатты.
Айта кетсек, Азия біріншілігіне елімізден 10 спортшы қатысқан болатын. Олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, Қазақстан командасының қоржынында 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.