$ 494.87  520.65  4.91

Аудандық ауруханаға өрт қойған оралдық ер адам ұсталды

Қазір азаматтың ақыл-есінің дұрыстығы анықталуда.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ауруханаға өрт қойып қашып кеткен азамат ұсталды. Ол Тасқала ауданының 41 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Заң бұзушы ұсталды. Ол Орал қаласының психиатриялық ауруханасына жатқызылды. Сонымен қатар бұл фактіге байланысты ҚР ҚК 202 бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Өзге біреудің мүлкін бүлдіріп, өртегені үшін оған ірі көлемде айыппұл салынуы, тіпті бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазір азаматтың ақыл-есінің дұрыстығы анықталуда. Науқас өзі жатқан палатадағы матрасты өртеп, екінші қабаттан секіріп кеткен. Соның салдарынан ол бөлме толық отқа оранып, дәлізді қара түтін басқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазір ауруханаға келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше аурухананы өртеп жібере жаздаған оралдық азамат туралы жазған болатынбыз. Ол оқиға орнынан ізін суытып, терезеден қашып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары