$ 514.65  544.6  5.17

Петропавлда полицей жалдамалы пәтерде асылып қалды

Кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын инспектор болатын.
Фото: alau.kz
Фото: alau.kz

Петропавлда Смирнов ауылының 29 жастағы полиция қызметкері Асқар Назыров өз-өзіне қол салды. Ол Кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын инспектор болатын. Марқұм 15 ақпанда асылып қалған. Полицей суицид жасау үшін облыс орталығынан пәтер жалдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, өңірлік Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейлердің қаза болу фактісін растап отыр.

"15 ақпанда облыс орталығының жалдамалы пәтерінде аудан орталығының 1991 жылы туған тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аққайың АПБ қызметкерінің өзіне-өзі қол жұмсауы фактісі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру тағайындаған. Тергеу жұмыстары СҚО ЖП бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың бақылауында", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Асқар Назыровты 18 ақпанда Аққайың ауданының Смирнов ауылында жер қойнына тапсырды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары