Алматы қаласының тұрғыны тұрмысқа шығудан бас тартқан өскемендік қыздың көлігін өртеп сотталды. Бұл туралы yk-news.kz сайты жазады.
18 жастағы алматылық Өскеменге осы уақытқа дейін сөзі жараспай қалған сүйіктісімен татуласуға келген. Алайда, өзге жанды ұнататынын айтқан қыздың жауабын естіген соң, кек алмақшы болады. Кешқұрым қыз тұратын тұрғын үйдің тұрағына келіп, Skoda Yeti көлігіне от қойып жіберген. Осы сәтте тұрақта тұрған Лада маркалы көлік қоса жанып кеткен. Шығын көлемі бес миллион теңгеден асып кетіпті. Кекшіл күйеу кәмелетке толмай жатып ұрлық бабымен істі болған екен. Өскемендік сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім етті.