$ 494.87  520.65  4.91

«Қорғас» кеден бекетінен қымбат бағалы тондарды алып өтпек болған

Еліміздің шекара қызметі Қытайдан бағалы заттарды заңсыз алып өтпек болған екі адамды ұстады.  Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Today.kz жазады.

Ұсталғандар 20 күзен тоны мен 20 қымбат бағалы мойынорағыштарды жаяу алып өтпек болған. Қымбат заттар олардың қолсөмкелерінен табылған.

Аталған іс бойынша қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде.

Сондай-ақ, шекарашылар Қытайға 5 келі нефрит алып өтпек болған 29 жастағы ер адамды ұстады. Бағалы тасты денесіне жапсырып өткісі келгенімен оның бұл әрекеті әшкере болды.

Нефрит – Қытайда қымбат бағаланады және елдің ұлттық символдарының бірі болып саналады.  

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары