$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлерді балағаттап, жағасына жармасқан жолаушылар пойыздан түсіп қалды

Қатты қорыққан жолсерік-әйел қызметтік купеге тығылып, пойыз бастығы мен полицейлерді шақыруға мәжбүр болыпты.
Фото: vagon-vokzal.ru
Фото: vagon-vokzal.ru

Көлік полицейлері Нұр-Сұлтан станциясындағы «Алматы- Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында бұзақылық жасаған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 18 ақпанда Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасына «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінің 26 жастағы жолсерігі шағымданған. Оның айтуынша, аталған пойыздың жүру жолында 9 жолаушы алкогольдік ішімдік ішіп, дауыстап сөйлесіп, жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған.  

Құқық бұзушылар жолсеріктің ескертулеріне дөрекі жауап беріп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан. Сөйтіп, қатты қорыққан жолсерік-әйел қызметтік купеге тығылып, пойыз бастығы мен полицейлерді шақыруға мәжбүр болыпты.

Жолаушылар пойызында өздерінің лауазымдық міндеттерін орындап жүрген көлік полицейлерінің де жағасына жармасып, билік өкілдеріне күш көрсеткен. Пойыз елордаға келгеннен кейін, құқық бұзушылар пойыздан түсіріліп, Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полицияның кезекші бөліміне жеткізілді. Аталған тұлғалардың атына тиісті хаттамалар толтырылды.

 Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, ұсталған азаматтардың алкогольдік ішімдік ішкендері белгілі болды. Факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Билік өкiлiне қарсылық көрсетумен) байланысты бұзақылық фактісімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары