$ 498.34  519.72  4.85

«Мен де адам баласымын, мойныма күнә алғым келмейді» - Бақытжан Сағынтаев

Ол жерді жалға, ипотекаға алып отырғандар да бар.
Фото: KTK.kz
Фото: KTK.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп берді. Ол тұрғындармен кездесу барысында Зерделі шағын ауданындағы қисайған үйге қатысты  маңызды сұрақтарға нақты жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Қала әкіміне  қисайған үйдің тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарды қойды.

"Үйді бірқалыпқа келтірген соң, қайта қисайып құламай ма, оған кепілдік бересіз бе деп сұраған едіңіздер. Сіздердің жанайқайларыңызды түсінемін. Мен де адам баласымын, мен де құдайдан қорқамын, мойныма күнә алғым келмейді. 

Институттан мамандар шақырылды. Неден болғаны қаралды. Орнына келтіретін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, сәуір-мамыр арасында бұл жұмыстар бітеді. Біз мамандардың, сарапшылардың қорытындысын күтеміз. Үйдің құнына байланысты әртүрлі ұсыныстар келіп жатыр. Ол жерді жалға, ипотекаға алып отырғандар да бар. Жақында өздеріңізді жинап шешімін айтамыз", - деп уәде берген Бақытжан Сағынтаевтың бұл сөзі көпшіліктің көңілін жайландырған секілді. 

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімінің есеп беруіне 3 мыңнан астам халық жиналған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары