$ 494.87  520.65  4.91

«Халыққа қызмет көрсетемін» деп халықтың аузын күншығысқа қаратып кеткен алаяқ сотталды

Бірақ шенеунік, керісінше басты айыпталушының алаяқ екенін айтып «талай рет полицияға арыздандым» деуден танбады.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ақтөбеде 50-ге жуық тұрғынға мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтер алып беремін деп алдаған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері сотталды. Енді Гүлайым Нұрмұқанова алты жыл өмірін түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ол сот процессі басталғаннан-ақ кінәсін толық мойындаған. Бірақ жәбірленушілерден алған ақшаны қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекеноваға «жеткізіп отырдым» деп ақталуға тырысты. Сондықтан Дүйсекенова да бір жыл бойы тергеліп, сотта айыпталушы ретінде жауап берді. Бірақ шенеунік, керісінше басты айыпталушының алаяқ екенін айтып «талай рет полицияға арыздандым» деуден танбады. Арзан пәтерден дәмелі болған 50-ге жуық тұрғын сотталушыға ең азы 400 мыңнан жеті жарым миллион теңгеге дейін ұстатқан. Енді оны алты жылға жаза арқалаған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері өтеуі тиіс. Ал қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысын судья ақтап шықты. Оны жазалауға «еш дәлел жоқ» деп отыр. Бір жыл бойы қызметтен қол үзген Дүйсекенова бұрынғы қызметіне қайтып бара ма, жоқ па, оны әлі ойланып отыр.

"Оны уақыт көрсетеді. Мен дәл қазір мынаны істеймін деп сізге айта алмаймын. Міндетті түрде бірінші денсаулығымды, анамның денсаулығымен айналысамын", - деді Жанаргүл Дүйсекенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары