$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысындағы 2 оқушының төбелесі қайғымен аяқталды

Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: U24.ru
Фото: U24.ru

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында екі оқушы төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлады КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

18 ақпан күні сағат 13:30 шамасында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі қазақ сыныбында оқитын екі бала арасында жанжал туындаған. Сосын біреуі екіншісін итеріп жіберген. 

«Құлаған бала орнына тұрмаған соң екінші жасөспірім қорыққанынан үйіне қашып кеткен. Осы сәтте құлаған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дегенмен, жедел жәрдем қызметі келген соң оқушының қайтыс болғанын анықтады», - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі оқиға негізінде ҚР ҚК 104-бабы «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. 

«Айта кетейік, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес БАҚ-та немесе әлеуметтік желіде дәйексіз жалған ақпар таратқан тұлғаға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертеді полициядан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары