$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте автокран 6 көлікті соқты

Шымкентте автокран 6 көлікті соқты, - деп хабарлайдыTVK телеарнасы. Жол-көлік оқиғасы 2 ақпанда күндізгі уақытта Темірлан тасжолында болған.

Телеарнаның мәліметінше, автокран Бәйдібек би көшесінен бұрылып жатқан. Болжам бойынша, көліктің тежегіші істен шыққан. Көптонналық машина бірнеше жеңіл көлік пен "ГАЗель" жолаушылар көлігін соққан. Кейін автокран бағананы да соғып, ол құлап, жолды жауып қалған екен. Осыдан кейін қалааралық трассада кептеліс пайда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Оқиға орнына полицейлер келіп, апаттың нақты себебі анықталу үстінде. Жол бойындағы жағдай қалпына келтірілді.  

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары