$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа заң: жәндіктерді өлтіруге арналған улы химикаттарды сатуға тыйым салынды

Бұл заң халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиян келтіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Бұдан былай Қазақстанда жәндіктерді улауға арналған химикаттарды сатуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

"Сауда желілерінде және базарларда, олардың қауіптілік сыныбына қарамастан, дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынған. Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу туралы қаулы шығарды", - делінген комитет хабарламасында.

Сонымен 1, 2, 3 сынып қатарындағы қауіпті дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды. Аталған уақытша санитарлық шара ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиян келтіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ескерте кетерлік жайт, мұндай қаулының қабылдануына халықтың уытты заттармен улану жағдайларының тіркелуі себеп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары