Ашхабадта ел президенті Г.Бердімұхамедовтың «Ақылдың кені»(Paýhas çeşmesi) мақал-мәтелдер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Туркменистан.ру сайты хабарлайды.
Ресми Ашхабад жайлы ақпарат тарататын сайт ел ішінде «Аркадаг» (жебеуші) деп аталатын Г.Бердімұхамедовтың жаңа кітабы түркімен халқының бай мұрасын халық арасында кең насихаттаудың тиімді бір жолы деп жазады.
Жаңа кітап түркімен халқының философиясы мен дүниетанымына негізделе отырып, бірнеше тарауға бөлінген.
Тіс дәрігері мамандығы бойынша білім алып, медицина саласынан докторлық қорғаған Г.Бердымұхамедов экономика ғылымдарының да докторы және Түркімен ғылым академиясының академигі, елді 2006 жылдан бері басқарып келеді.