$ 443.35  475.54  4.82

3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ел аумағында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның көптеген аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,  желдің күшейюі, тек республиканың солтүстігінде, оңтүстік және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіліп, түнде кей жерлерінде тұман болады, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау,  түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, тұман, жел 15-20 м/с болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, түнде  Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады. 

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары