21.07.2014, 12:20

Алматы облысы кеденшілері 2 млрд. теңгенің қылмысын жасаған

Сурет: u-f.ru

Алматы облысында кеден қызметінің жеті қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, Комитеттің ішкі қауіпсіздік бөлімшесі соңғы екі жылда Алматы облысы департаменті қызметкерлерінің тарапынан кедендік тазарту қағидасын бұзған көптеген фактілерін анықтаған.

«Құқық қорғау қызметінің жалпы шығын сомасы шамамен 2 млрд. теңгені құрайды. Аталмыш фактілер негізінде Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің 7 қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабы 2-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысының Қаржы полициясы органдарымен аталмыш қылмыстық істі бірлесіп тергеу жоспарлануда», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас бірқатар басқа да фактілер тексерілуде, олар бойынша таяу уақытта іс жүргізу шешімдері қабылданатын болады.