Алматыда жеңіл автомобиль жарық шамының бағанына соғылды, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы. Жол-көлік оқиғасы 3 ақпан күні таңғы сағат 5.00 шамасында болған.
Телеарнаның мәліметінше, Mercedes көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Лобачев көшесінің маңында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қарсы бағыттағы бағанға барып соғылған. Автомобильдің ішінде болған екі адам қысылып қалған екен.
Оқиға болған жерге құтқарушылар шақырылып, арнайы құралдардың көмегімен олар екі жолаушыны алып шығыпты. Жүргізуші болса оқиға орнында қайтыс болды.