$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстан интернет жылдамдығы жөнінен 207 елдің ішінде 113 орынды иеленді

Қазақстанда бес гигабайт құрайтын видеоны интернеттен жүктеу үшін 2 сағат 26 минут, 25 секунд уақыт кетеді. Интернет жылдамдығы бойынша алдыңғы орында тұрған Тайваньда небәрі 8 минут және 2 секунд уақыт жетеді екен.

Интернет жылдамдығы тез мемлекеттер аталды. Олар: Тайвань, Cингапур, Джерси (Ла-Манш ағысындағы арал), Швеция және Дания. Бұл туралы WebsiteToolTeste компаниясының есеп беруінде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Сонымен қатар, ондықтың құрамына Жапония, Люксембург, Нидерланд, Швейцария, Норвегия, Андорра, Испания, Бельгия, АҚШ, Латвия, Жаңа Зеландия, Эстония, Гонконг, Венгрия және Литва кірді.

Қазақстан 207 елдің ішінде 113 орынды иеленді. Оның алдында Бразилия, Бруней, Мьянма, Маврикий елдері бар.

Қазақстанда бес гигабайт құрайтын видеоны интернеттен жүктеу үшін 2 сағат 26 минут, 25 секунд уақыт кетеді. Интернет жылдамдығы бойынша алдыңғы орында тұрған Тайваньда небәрі 8 минут және 2 секунд уақыт жетеді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары