$ 446.49  475.38  4.79

Екі алтын және екі дүркін Азия чемпионы атағы: еркін күрестегі спортшыларымыз ерледі (ФОТО)

120 келідегі қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен таза жеңді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

74 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Оның алдындағы жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтқан еді.

Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік еткен.

Бұдан бөлек, 120 келідегі қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен таза жеңді. Ол жартылай финалда ирандық Парвиз Хадибасманжды, ширек финалда үндістандық Сатендерді ұтқан болатын. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Еске сала кетсек, бұған дейін 16 жастағы қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболаттың 356 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатқанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары