24.02.2020, 14:20

Оқ-дәрілерді ұрлаумен айналысқан лауазымды адамның былығы ашылды

Фото: knb.gov.kz
Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2019 жылғы маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кескен болатын. Ол кезде заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 граната атқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынған. Қылмысқа қатысы бар адамдар сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің ресми хабарламасына сүйеніп. 

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған", - делінген ҰҚК-нің ресми хабарламасында. 

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылып, сотталды. 

 

Тегтер: ҰҚК