$ 443.85  474.3  4.8

Қордайға кеткен полицейдің ұлы мен қызы ерекше хат жазды

Үйіне қашан оралатыны әзірше белгісіз.
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Қордайға кеткен әкелерін сағынған полицейдің ұлы мен қызы ерекше хат жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Дереккөзіне сүйенсек, әкелері екі апта бұрын Қордайға кеткен екен. Әсерлі хатты өңірлік полиция департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жарасхан Ақбердиевке балалары жазған.

"Әке, біз сені қатты сағындық. Әке сен мықты және мейірімді адамсың. Ақ немесе қара джип сатып ал! Ұқыпты, ақылды, дарынды бол! Біз сені күтеміз", - деген екен Ж.Ақбердиевтің  ұлы Ерсейіт пен қызы Адия.

Полицейлердің мәліметінше, Жарасхан Ақбердиев Қордайға 7 ақпанда кеткен. Үйіне қашан оралатыны әзірше белгісіз.

Естеріңізде болса, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шыққан болатын. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. Соның салдарынан 12 адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары