$ 494.87  520.65  4.91

«Самұрық Қазына», «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері тексеріліп жатыр

Осылайша, тексеру барысында ұлттық компаниялардың қызметінде бірнеше проблема бар екені анықталды.
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

Есеп комитеті «Самұрық Қазына», «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланып жатыр деп санайды. Олардың активтері 32 триллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен аптада Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық холдингтердің қызметі туралы баяндаған болатын. Президент өз кезегінде холдингтерді тексеруді тапсырған еді. Осылайша, тексеру барысында ұлттық компаниялардың қызметінде бірнеше проблема бар екені анықталды.

Есеп комитетінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында комитеттің үкіметтегілермен компаниялардың тиімділігін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізгені айтылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары