$ 494.87  520.65  4.91

«Қашанға дейін шыдауға болады?»: Азат Перуашев футболшыларға көп жалақы төлеуге қарсы

«Мен мысал келтірейін, жақында бір спортшыға 5 миллион еуроға қол қойылғаны туралы ақпарат болды», - дейді депутат.
фото: inalmaty.kz
фото: inalmaty.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев заң бойынша бюджет қаржысын кәсіби спортқа жұмсауға тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды holanews.kz.

Оның пікірінше, өңірлерге бөлінген қаражаттың 80 пайызы футболшыларға кетеді екен.

«Қашанға дейін шыдауға болады? Мен мысал келтірейін, жақында бір спортшыға 5 миллион еуроға қол қойылғаны туралы ақпарат болды. Кәсіби клубтарды қолдауға бюджет қаражатын заң жүзінде жұмсауға тыйым салайық. Жастар футболын, стадиондарды, инфрақұрылымды қаржыландырайық, жалақысы 5 миллион болатын жолдастарды емес», - деді Азат Перуашев.

Сонымен қатар, ол Мәдениет және спорт министрлігін бұқаралық спортты дамытуға атсалысуға шақырды.

Кәсіпқой спорт бизнесін, ұлттық компанияларды «олар осындай кәсіпқойлар болған соң, ақша табуға мүмкіндік берсін, өздерінің кәсіби екендіктерін дәлелдесін» деп сынға алды депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары