$ 443.35  475.54  4.82

«Abai175»: LADA Granta автокөліктеріне ұлы ақынның есімі берілді (ФОТО)

«Abai175» белгісімен шыққан көліктің біріншісі ең әуелі Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға көрсетіліпті.

Жақында Өскеменде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын есімі берілген арнайы трамвай жолға шыққан болатын. Енді міне, облыс орталығындағы «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы мерейлі датаға орай, «Abai175» деген белгісі бар автокөліктерді сатылымға жібермек, деп хабарлайды egemen.kz.

«Ақын мерейтойы құрметіне бір көлік сериясын арнауды жөн көрдік. Әр көлікте хәкімнің қара сөздерінен алынған үзінділер жинағы болады. Бұл сериямен 500 LADA Granta маркалы көлік шығарылмақ. «Abai175» белгісі бар автокөліктер ақпан айының соңына таман сатылымға түсуі тиіс», - дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев.

«Abai175» белгісімен шыққан көліктің біріншісі ең әуелі Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға көрсетіліпті.

«Біз компанияға Абай логотипімен көлік сериясын шығаруды ұсындық. Басшылық ұсынысымызды жүзеге асырғанына қуаныштымыз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары