$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте автокөлік өзенге құлап кетті

Шымкентте қос көліктің соқтығысуы салдарынан олардың бірі өзенге құлап кеткен деп жазады Otyrar.kz.

Жол-көлік оқиғасы ақпанның 2-нен 3-не қараған түні орын алған. Асанбай Асқаров көшесі мен Абай даңғылының қиылысында ВАЗ және Hyundai көліктерінің соқтығысып, ресейлік автомобиль өзеннен бір-ақ шықты.

Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ көлігі Асқаров көшесінің бойымен Опера және балет театры жақтан жүткіп келіп, қиылыста тұрған Хендайға соғысқан. Одан әрі жылдамдығын тоқтатпаған күйі жолдың жиегіндегі қоршауды бұзып, өзенге құлап кетіпті.

ВАз көлігінің жүргізушісі мас болуы мүмкін. Ол көлігінен шыққан соң сол жерден қашып кеткен. Жарақат алған-алмағаны белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері мен-жайды анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары