$ 514.65  544.6  5.17

Bek Air әуе компаниясы емтиханнан өтпей қалған ұшқыштарына жалған анықтама берген

Сертификаттар ресми түрде берілді дегенімен, тексеру кезінде ұшқыштардың курсқа қатыспай, ел аумағында ұшақ басқарғаны белгілі болды.

Екі ай бұрын ұшағы апатқа ұшыраған «Бек Эйр» ұшқыштарды даярлау туралы жалған куәліктер жасаумен айналысқан, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Әуе компаниясының заңсыз әрекетін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әшкереледі. Дәлірек айтсақ, «Бек Эйрдің» ұшқыштары авиациялық қауіпсіздік және қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша қайта даярлау курсынан өтпепті.

Сертификаттар ресми түрде берілді дегенімен, тексеру кезінде ұшқыштардың курсқа қатыспай, ел аумағында ұшақ басқарғаны белгілі болды. Сондай-ақ әуе компаниясының екі ұшқышына «Фоккер 70» және «Фоккер 100» әуе кемесін пайдалану бойынша жалған куәлік беріліпті. Сөйтсе, Латвияда өткен қайта даярлау курсында олар емтихан тапсыра алмаған екен. Сол үшін де «курсты тыңдады» деген ғана құжат берілген. Ал елге келгенде ұшқыштар «бармақ басты, көз қыстыға» барып, уәкілетті органға «курсты сәтті аяқтау» туралы жалған анықтама тапсырыпты.    

"Әуе компаниясы уәкілетті органның бекітуінсіз инженерлерге рұқсат беріп отырған. Сондай-ақ, рұқсаты жоқ қызметкерлерге де әуе кемелерін пайдалану және техникалық жұмыстарға араласуға мүмкіндік жасаған. Барлық біз айтқан кемшіліктер «Бек Эйр» әуе компаниясына жолданды. Олар 10 күннің ішінде авиация әкімшілігіне қателіктерді жою бойынша жоспар тапсыруы тиіс", - деді «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Bek Air #ұшқыш