$ 447.4  477.55  4.76

«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

Компания жасыл технологияларды дамытуға мүдделі.
Фото: Sputnik Казахстан
Фото: Sputnik Казахстан

Бүгіннен бастап "Astana LRT" компаниясының атауы өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Компанияның жаңа атауы қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда таныстырылды.

"Astana LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Егенбердиновтің айтуынша, компанияға ребрендинг жасап, атауын "City Transportation Systems" деп өзгертуге шешім қабылданды.

"Қала басшылығы компания атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Біз барынша ыңғайлы және компания қызметіне сай келетін атау іздедік. Сөйтіп, "City Transportation Systems" деген атауды таңдадық. Аудармасы - қалалық көлік жүйелері", - дейді Егенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, логотипке жасыл түс те әдейі таңдалды. Себебі компания жасыл технологияларды дамытуға мүдделі.

Осылайша, бүгіннен бастап "Astana LRT" ЖШС "CTS" (City Transportation Systems) компаниясы деп аталады.

Журналистерге сұқбат берген компания басшысы атауды өзгерту бастамасы бұған дейін болған жемқорлық фактілеріне қатысты емес деді.

Егенбердинов ребрендингке кететін ақшаның сомасын атаған жоқ. Бірақ логотип әзірлеуге 100 мың теңге жұмсалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Astana LRT