$ 498.34  519.72  4.85

Балалар 28 наурыздан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді

Дегенмен, қоғамдық көлікке мінген жолаушылардың барлығы бірдей автобуста валидация жасауға міндетті.
Фото: 2ГИС
Фото: 2ГИС

Бұдан бұлай елордалық балалар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Мұндай жағымды жаңалықты Transportation Systems» (бұрынғы LRT) компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты. 

Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікпен тегін қатынауға мүмкіндігі болады. 

«Қазір  жолақы 7 мен 15 жас аралығындағы балаларға - 40 теңге. Үлкендерге - 90 теңге. Тұрғындар үшін, әсіресе, көпбалалы отбасыларға жолақы төлеу қиындық туғызады. Сондықтан 2020 жылдың 28 наурызынан кәмелеттік жасқа толмағандар түгел тегін жүріп-тұрады», - деді Б.Игенбердинов.

Дегенмен, қоғамдық көлікке мінген жолаушылардың барлығы бірдей автобуста валидация жасауға міндетті. Бұл компанияға маршрут бойынша есеп жасау үшін қажет екен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары