$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда үш бозбала кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Павлодарлық үш тұрғын кәмелет жасына толмаған қызды жабылып зорлағаны үшін ұзақ жылға сотталды деп хабарлайды "Новости-Казахстан" АА облыстық соттың баспасөз хатшысы Светлана Маркинаға сілтеме жасап. Сотталғандардың жасы 21-23 аралығында.

Оқиға былтыр 23 сәуір күні орын алған. Спирттік ішімдікке тойып алған үш жігіт қаладағы дүкендердің бірінің алдынан жасөспірім қызды кездестіріп, оны алдап алдымен біреудің үйіне алып келеді де, күштеп үй жанындағы дәретханаға кіргізеді. Азғындар арам ойларын сол дәретхана ішінде жүзеге асырған. 

"Сот үкіміне сәйкес, 21 жастағы күдіктінің айыбы дәлелденіп, ол 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Айыпты жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді. Қалған екі айыптының (21 және 23 жастағы) әр қайсысы 8 жылға сотталды. Олар жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді" деді Маркина.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары