Теміртауда болған апатқа трамвай жүргізушісі кінәлі болған. Ол Volkswagen Polo маркалы авткөлігін соққан. Бұл туралы Today.kz тілшісі хабарлайды.
Оқиға салдарынан көлігі қирап қалған жәбірленуші трамвай депосының қызметкерін сотқа берген. Теміртау қалалық әкімшілік соты аталған істі қарап, трамвай жүргізушісін ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610 бабының 1 тармағымен айыпты деп таныған. Нәтижесінде тәртіп бұзған депо қызметкері өз кінәсін мойындап, жеңіл көлік жүргізушісінің шығындарын толығымен өтеді.