$ 443.85  474.3  4.8

«Қарсылас дейсіз бе? Кез келген бұзық жігіт!»: ММА өкілі Дамир Рыспаевты жекпе-жекке шығармақ (ВИДЕО)

2016 жылы қазақстандық хоккейші «Чемпионат» сайты оқырмандарының тұжырымынша, «ҚХЛ-де ең мықты төбелесетін хоккейші» атағын иеленді.

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаевтың ММА ережесі бойынша жекпе-жегі Қазақстанда үлкен аудитория жинай алатынын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«ТМД-да Рыспаевтың қатысуымен жекпе-жек ұйымдастыруды ойладым. Өйткені, қазақстандық белсенді аудитория бар. Қай елде ММА-ді көп қарайтынын бақылаймыз. Қазақстанда өте көп тамашалайды, онда бәрі Youtube арқылы. Дамир өзін таныстыруды қажет етпейді. Қарсылас дейсіз бе? Кез келген бұзық жігіт! Артюхин болса да. Жақсы бір төбелес болатын еді», - дейді Гаджиев «Игра в тело» Youtube арнасында.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың 9 қарашасында Рыспаев «Барыс» сапында ойнап жүріп, ҚХЛ матчында ресейлік Евгений Артюхинмен төбелескен. 2016 жылы қазақстандық хоккейші «Чемпионат» сайты оқырмандарының тұжырымынша, «ҚХЛ-де ең мықты төбелесетін хоккейші» атағын иеленді.

Сол 2016 жылдың тамызында Дамир Рыспаев қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасының легионерлерін қуып жүріп сабаған болатын. Ал оңбай таяқ жеген қытайлықтарға мачты ары қарай жалғастырудан бас тартқаны үшін 5:0 есебімен жеңіліс жазылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары