Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі аккаунтында пост жариялады.
"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - деді президент Тоқаев.