$ 446.49  475.38  4.79

8 наурызда әйелдерге ақша берілетін болды

Оларға қаражат  жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуі тиіс.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Түркіментстанның қыз-келіншектеріне ақша берілетін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, hronikatm.com-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы сол елдің президенті Гурбангулы Бердымухамедов 27 ақпанда өткен үкімет отырысында экономика және қаржы вице-министріне тапсырма берді. Ол 60 манат (нарықтық курспен есептегенде шамамен 3 доллар) ақшалай сыйақы табыстау туралы бұйрық берді.

Ескерерлігі, бұл сыйақыны жұмыс істейтін әйелдер, студенттер, зейнетақы мен жәрдемақы алатын әйелдер алады. Балабақшаға бармайтын бүлдіршін қыздар мен 3 жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдер (балалар жәрдемақысын алмайтын) сыйлықтар алмайды. Себебі оларға қаражат  жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары