29.02.2020, 00:01

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-парақшасына әсерлі жазба қалдырды

Фото: facebook.com/yelzhan birtanov
Дәрігерлер ешбір қиындыққа, қауіп-қатерге қарамастан, кәсіби борышын абыроймен атқаруда!

Елжан Біртанов адам өмірінің арашасы, ел үшін тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министрі Facebook-парақшасына медицина саласына айрықша үлес қосып, адамдарды құтқаруда жан салмай жүрген қызметкерлердің жұмысын жоғары бағалады. 

"Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық қызметкеріне, санитарлық зертханалардың, сондай-ақ, жедел жәрдем дәрігерлеріне ерен еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен карантинге жабылған азаматтарға медициналық көмек көрсеткен емхана, аурухана мамандарына да көп рақмет!

Дәрігерлер ешбір қиындыққа, қауіп-қатерге қарамастан, кәсіби борышын абыроймен атқаруда! Сіздердің арқаларыңызда және сіздердің мамандық алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттеріңіздің арқасында Қазақстан медицинасы күн сайын өршіп келе жатқан жаһандық індетті жеңе алатынына сенімдімін!", - деп алғысын білдірді ол.