Алматы облысының полицейлері өз қызын ұрып өлтірді деген айыппен 29 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап total.kz сайты жазады.
Іле ауданының тұрғыны тұтқындау барысында бес жасар қызын сіріңкемен ойнап, жалға алған үйді өртеп жібереді деген қауіппен ұрдым деп ақталып отыр. Сәбидің денесін тексерген медицина қызметкерлері соққының іздерін тапқан. Бірақ өлімнің нақты неден болғанын сарапшылар енді анықтайтын болады.
Қазір күдікті кепілмен тергеу абақтысынан босатылды. Полицияның мәліметінше күдіктіні тұтқындау аудандық прокуратурамен келісілген. Өз қызын өлтірді деп айыпталған әйелді аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері тергеп жатыр.