$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысының экс-әкімі құс фабрикасында күн көріп жүр

Қостанай облысының экс-әкімі Нұралы Сәдуақасов жарты жылдан бері жұмыссыз жүр. «Наш Костанай» басылымының жазуынша, өткен жылдың қыркүйек айында облыстағы жемқорлыққа қатысты даудан соң бұрынғы әкім БАҚ беттерінен көрінуді қойған.

Ол қазір әйелі Ирина Киселеваның «Жас Қанат» бройлер құс фабрикасы» ЖШС жұмысына көмектесіп жүр екен.

«Қазір еш жерде жұмыс істеп жүрген жоқпын. Жұбайымның кәсіпорнында кеңес беріп, өндірісті қалай дамытуға болатындығы жайлы бағыт беремін. Бос уақытым көп болғандықтан құс фабрикасына жиі келемін» деген экс-әкім бұрын жұмысбасты болып назар аудармаған денсаулығын күтіп, экономика, жануар өсіру және агрономия саласындағы әдебиеттерді оқып жүргенін айтқан.

Сондай-ақ, ол ауылшаруашылығын дамытып, өндіріс мәселесі бойынша өзге де шаруашылықтарға кеңес бергісі келетінін жасырмады. Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген Н.Сәдуақасовтың ауыл шаруашылығы саласына қайта келуі көпшілік үшін таңсық болмаса керек.

2012-2015 жылдары облысты басқарған Нұралы Мұстафаұлы өткен жылдың қыркүйек айында өзге жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан өз еркімен босату жайлы арыз жазған болатын.  Алайда басқа жұмысқа ауысуына байланысты жылы орнынан кеткен әкімнің жуық арада басқа жұмысқа орналасатын ойы жоқ секілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары