$ 444.22  476.38  4.82

«Жарайсың, Дәурен!»: президент «Барыс» клубын жеңісімен құттықтады (ВИДЕО)

Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосқан еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Президент жеңіске жеткен команданың капитанына ерекше алғыс айтты.

«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін!", - деп ақ тілегін жаудырды. 

Бұған дейін «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары