02.03.2020, 18:20

«Менсінбей қарамау керек»: хоккей ойынының соңы жаппай төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Ойын туралы айтсам, осы беттен қайтпай, матчқа деген жоспардан ауытқымау қажет.

"Барыс" қорғаушысы Ресейлік командамен ойында неге жаға жыртысу жиі болғанын түсіндірді Ойын аяғында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астаналық "Барыстың" қорғаушысы Джесси Блэкер ҚХЛ-дің плей-офф сериясындағы магнитагорлық "Металлургпен" ойында неге жаға ұстасу көп болғанын түсіндірді. Хоккейшінің сөзін лиганың ресми сайты жариялады. 

"Плей-офф кезеңді жеңіспен бастаған көңілге жағымды келеді. Дегенмен бұл басы ғана екенін ұмытпау керек.

Ойын туралы айтсам, осы беттен қайтпай, матчқа деген жоспардан ауытқымау қажет. Бүгінгідей. "Металлург" - мықты әрі шебер қарсылас. Ол турнирлік кестеде жетінші болғанына менсінбей қарамау керек. Сондықтан әр ойында барынша дайындықпен келу қажет. 

Бұл плей-офф. Бір күннен кейін бір-бірімізге қарсы ойнайтынымызды білеміз, сондықтан, әркім қарсыласын эмоцианалды тұрғыда тепе-теңдігінен айырғысы келеді. Осы себепті осындай жаға ұстасулар болады", - деді ойыншы.