Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде судья оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.
Мұхтар Жәкішев 2018, 2019 жылдары да мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жасаған.
«2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шығу туралы үшінші рет өтініш берді. Оны 10 ақпанда Семей соты қабылдап алды», - деп facebook парақшасында оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев жазды.
Бүгін адвокат Жәкішевті босату үшін бірнеше себепті атады және соттан оған ақылға қонымды айыппұл белгілеуді сұрады. Сотталушы үшінші топтағы мүгедек.
«Түрмеде қиналып жүр. Соған қарамастан маған білдірмеуге тырысады.Түрмеде тиісті медициналық жабдықтар жетіспейді. Уақытында көмек көрсету, диагнозын қоюға мүмкіндік жоқ»,- деді Нұрлан Бейсекеев.
Ал, мемлекетік айыптаушы Жәкішевті босатуға қарсы уәж ретінде оның мойнына мінген қаражаттың әлі қайтарылмағанын айтты. Оның сөзінше 99 млрд теңгенің бүгінде 272 мың теңгесі ғана өндірілген. Сотталушы 2018 жылы ғана мүгедектік алды. Осы уақытқа дейін түзету мекемемелерінде жұмыс істеп қаражатты қайтаруға мүмкіндік болғанын алға тарты. Сондай ақ, прокурор Жәкішевтің қазіргі сырқаты оны босатуға негіз болуға жарамайтынын, мүгедектігі тұрақты емес, жыл сайын тексеріп, растап отыруы қажет екенін айтты.