Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Қарасу - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізуге тырысқан 1981 жылы туған Бейсенбаев О. есімді қырғыз азаматын ұстады. Бұл жайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері хабарлап отыр.
Күдіктіні ұстауға шекарашылардың қызметтік иті көмектескен. Сақшы төбет қырғыз азаматы мінген «Мерседес-Бенс» автокөлігінің жанармай багында күдікті заттың жасырылғанын аңғарып, арнайы тексерістен кейін расымен де көліктің аталған бөлігінен целлофан қалталарына оралған есірткі заты табылды. Мамандар тәркіленген заттың 19 келі 695 грамм героин екенін анықтап отыр.
Аталған оқиға бойынша материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ішкі істер бөліміне берілді.