$ 449.58  486.94  4.86

«Қазақ жауынгерлерінің рухын бәрі біледі»: Арман Оспанов ертеңгі жекпе-жекке тас-түйін дайын

«Қара жолбарыс» деген лақап атпен танымал Расул Мирзаевпен кездесу 6 наурыз күні Алматыда өтетін болды.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Қазақстандық атақты ММА файтері Арман Оспанов Алматыда өтетін ACA 105 турниріндегі Расул Мирзаевпен жекпе-жек алдында көңіл-күйімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Дайындық жоспар бойынша өтті. Нәтижесін көре жатармыз. 100 пайыз дайынмын. Қазақ жауынгерлерін бәрі біледі. Қай жерде жұдырықтассақ та, жеңіске деген құлшыныс пен рухымызды көрсетеміз», - дейді ол.

Айта кетейік, Арман Оспанов карьерасында 9 рет жеңіп, 3 рет жеңілген. 2019 жылдың 27 қыркүйегінде ACA 99 турнирі аясында өткен кейінгі жекпе-жегінде Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковтан жеңілген.

Ал «Қара жолбарыс» деген лақап атпен танымал Расул Мирзаевпен кездесу 6 наурыз күні Алматыда өтетін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары