05.03.2020, 15:20

Қазақстандық дәрігер алғаш рет әйгілі Нобель сыйлығын алды

Дәрігер фетальдық жасушаларды бөлу, өсіру және криоконсервациялау әдістерін әзірлеп, практикалық қызметке енгізген. Сонымен қоса жасушалардың көктамырішілік трансплантациясы бойынша хаттамалар жасап және медициналық-экономикалық көрсеткіштер әзірледі.

Ел медицинасының тарихында тұңғыш рет қазақстандық дәрігер Нобель медалін алды, деп хабарлайды Today.kz.

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ ұрық жасушаларын трансплантациялау бөлімінің басшысы, бағаналық жасушалар саласындағы бірқатар зерттеуді жасаушы Самат Сапарбаев Ресей мен ТМД өнертапқыштарының дамуына қосқан үлесі үшін Нобель медаліне лайықты деп танылды. 

Аталған марапат жиыны Мәскеу қаласында өтеді. Сонымен бірге медаль халықаралық маңызы бар және мойындалған туындылар үшін алғашқы өнертапқыштардың бірі ретінде беріледі.

"Самат Сапарбаев жасушалық технологиялар саласында 2006 жылдан бері зерттеулермен айналысады және жасушалық технологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі орындаушыларының бірі. Зерттеу нәтижелері жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін клиникалық практикаға енгізілді. Дәрігер фетальдық жасушаларды бөлу, өсіру және криоконсервациялау әдістерін әзірлеп, практикалық қызметке енгізген. Сонымен қоса жасушалардың көктамырішілік трансплантациясы бойынша хаттамалар жасап және медициналық-экономикалық көрсеткіштер әзірледі. Дәрігер жұмыстарынан алынған деректер республикалық және халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндалды. 10-нан астам инновациялық патентке ие, 3 монографияның 6 әдістемелік нұсқаулық шығарылды, 60-тан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде алыс шетелдерде де жарық көрді", - деді Ұлттық ғылыми орталық өкілдері Нобель медалінің жеңімпазы туралы пікір айтып.