05.03.2020, 16:00

Қордайдағы қақтығыстан соң үйінді астынан табылған адамның кім екені анықталды

Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлаған.

 Қордайдағы қақтығыстан кейін Масаншы ауылында үйінді астынан табылған күйіп кеткен адам 20 жастағы Мұрат Масанов екендігі анықталды, деп хабарлайды Sputniknews.kz, Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

11 ақпанда Масаншы ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталды.

"Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, ол із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады", - деп мәлімдеді департаменттен.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Тегтер: Қордай