$ 445.66  474.58  4.78

Түркістандық тұрғын құтырудан қайтыс болды

Түркістанда құтыру диагнозы қойылған әйел қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, марқұмды былтыр желтоқсан айының соңында көшеде жүрген қанден ит тістеп алған. Бұл жайында Otyrar.kz порталы жазды.

Бірақ, итке таланған әйел дәрігерге бірден көрінбеген. Тек сырқаттанған соң, осыдан 1 апта бұрын ғана ауруханаға қаралыпты.

Қалалық ауруханада науқасқа бірден көмек көрсетілгенімен, дерттің асқынғаны анықталған. Көп ұзамай әйел көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары